6 млн жалған доллар тәркіленді

03 желтоқсан, 16:49

Фото: 24.kz

Перу полициясы жалған ақшаның ірі партиясын тәркіледі. Алаяқтар шамамен 6 млн жалған АҚШ долларын айнытпай жасаған, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы. NEGE.   Әзірге бір күдікті қамауға алынды. Қалғаны бас сауғалап үлгерген. Күдікті жергілікті «Мамандар» деп аталатын қылмыстық топтың мүшесі болып шықты. Енді ол 15 жылға сотталуы мүмкін. Алаяқтар өтірік ақшаны көршілес Эквадор мен Боливияға жіберуге дайындалып жатқан. Бірақ полиция арнайы операцияны дер кезінде жүргізіп, қылмыстық топтың ізін кесті. Айта кетейік, Перу АҚШ долларын қолдан жасау бойынша әлемде алдыңғы орында деп саналады. Тіпті АҚШ-тың барлау қызметі ел астанасы Лимада арнайы өкілдігін ашқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации