435-440. Теңгенің нағыз нарықтық құны осы ма?

16 наурыз, 14:55

Фото: 365info.kz, Никита Черевко

Қазақстан қор биржасының түстен кейінгі сессиясына теңге 435 бағамымен кірмек. Бұл "овершут", яғни Ұлттық Банк араласпағандағы валюта бағамының құлдырауы дейді, сарапшылар. Егер овершут бітсе, онда теңге мұнай бағасымен байланысып, нарықта өзі реттеліп отырмақ. 

Демек, KASEнің түстен кейінгі сессиясы өте маңызды. Бүгін жалпы биржа үрейге шалдыққандықтан, инвесторлар тыныштық сақтауды дұрыс деп тапқан. Теңгенің нақты курсын анықтау үшін уақыт қажет. Себебі, елдегі нарықтың көлемі оны спекулятивті қозғауға мүмкіндік береді.

"Овершут шегі бір доллар үшін 440 теңге болғанға ұқсайды, содан кейін доллар-теңге жұбы +5 ұпай жинап, қазір 435 теңге бағасымен саудаланды. Мұнай баррелінің бағасы 32 доллар екенін, әрі рубль бағамы 5.86-5.88 теңге деңгейінде қалыптасқанын ескерсек, мұнда белгілі бір экономикалық қисын бар" - деп жазады, экономист Олжас Тілеуов.

Сарапшы Мұрат Темірхановтың пікірінше, бізде валюталық және қор нарықтары жеткілікті дәрежеде дамымағандықтан, теңгенің нақты еркін айналуына мүмкіндік жоқ. 

Менің түсінуім бойынша, курс бұрынғыдай басқарылатын болады. Тек Ұлттық Банк теңгенің қазіргі бағамын ұстау үшін үлкен интервенциялар жасай алмайды. Сондықтан ол рубльден кейін ұлттық валютаны әлсіретуге шешім қабылдады. Бұл Ұлттық Банктің бұған дейін, негізінен, фундаменталды факторлардың өзгеруіне қарамай теңгені қолдан басқарғанын мойындауының белгісі.

Сарапшылар не десе де, біз үшін теңгенің қай бағамда тұрақталатыны маңызды. Себебі, теңгенің ертеңгі бағамына деген сенімсіздік ел арасындағы үрейді одан бетер қоздыруда. Ең бастысы, Ұлттық Банктің интервенцияға үлкен көлемде қаржы құймайтыны белгілі болды. Бұл қор биржасындағы инвесторларға жасалған бірінші сигнал. Егер Ұлттық Банк биржадағы операцияларын тоқтата тұрса, онда теңге бағамы нарықтық шынайы бағамына жақындайтын болады. Сол кезде ғана "440 - теңгенің жаңа белесі" деп ресми қабылдай аламыз. Сондықтан түстен кейінгі сессия қортындысын күтейік.

#теңге #доллар #девальвация
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации