2025 жылға қарай шағын және орта бизнеспен 4 млн адам айналыспақ

25 ақпан, 17:01

Фото: kazakh-tv.kz

Еліміздің стратегиялық мақсаты – экономикадағы шағын және орта бизнес үлесін 2025 жылға қарай 50%-ға арттыру. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеген, деп ақпарат таратты primeminister.kz

Алматы. NEGE. «Экономикада ШОБ үлесі артады. Шұғыл деректерге қарағанда, 2019 жылы ол 29,5%-ға жетті. Біздің мақсатымыз – 2020 жылға дейін ШОБ үлесін ЖІӨ-нің 30%-на дейін, ал 2025 жылға қарай 50%-ға арттыру. Бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді», – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, шағын және орта бизнес – экономика өсімінің негізгі көрсеткіші. Дамыған елдерде ШОБ кәсіпорындарының саны көп.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации