2020 жылы шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 1 млрд бөлінді

28 ақпан, 16:47

Фото: ғаламтордан

2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алматы. NEGE. «2020 жылы шегіртке тектес зиянкестер 554 мың гектар алқапта таралуы мүмкін. Шегірткеге қарсы күрес үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген. Аталған қаражат барлық болжамдағы алқапқа пестицидтерді және химиялық өңдеуді сатып алуға мүмкіндік береді», - делінген Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі отырысының қорытындысы бойынша таратылған хабарда.

Қос тарап 2019 жылы жүргізілген іс-шаралар, шекаралас аумақтардағы шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуы, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және аурулармен күресу іс-шаралар туралы ақпаратпен алмасты. 

Хабарда нақтылағандай, орталық қоймада жалпы 47,5 мың литр пестицид қоры бар. 2020 жылы шегіртке тектес зиянкестердің үйірлі түрлеріне қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу үшін 148 арнайы техника: оның ішінде 119 бірлік жерүсті бүріккіштері, 10 ұшақ, 10 бірлік аса жеңіл әуе кемесі (АЖӘК) және 9 бірлік аэрозольді генератор (ГАРД) жұмылдырылатын болады. Бүгінгі күні шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы ұйымдастыру үшін дайындық шаралары аяқталуға жақын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации