1 наурыздан бастап туристер Грузияға сапар шегеді

25 ақпан, 11:22

Фото:

Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили өткен жылдың күзінде енгізілген қатаң карантин шектеулерінің біртіндеп алынатынын айтты, деп хабарлайды Грузия жаңалықтары.

Алматы, NEGE. Үкімет басшысының айтуынша, 15 наурыздан бастап Грузияда барлық дерлік шектеулер күшін жояды. Тек кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейінгі коменданттық сағат пен маска режимі ғана сол күйінде қалады. 25 ақпаннан бастап қалааралық көлік жолға шығады. Осы аптада муниципалдық көлік демалыс күні де кешкі 21:00 дейін жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ 25 ақпаннан бастап таулы курорттағы қонақүйлер ашылуы мүмкін. Ал ондағы арқан жолдар тек 8 наурызда ғана іске қосылады. 1 наурызда мектепке дейінгі мекемелер ашылады.

Жабық ғимараттағы мейрамханалар жұмыс күндері қызмет көрсете бастайды. 1 наурызда кітапханалар мен музейлер ашылады. Ал 8 наурыздан бастап сауда орталықтары мен жәрмеңкелер жұмысын бастайды. 15 наурыздан бастап жоғары оқу орындарының студенттері аудиторияда сабақ өтеді. Осы күні мектеп үйірмелері ашылады. Спорт залдары, тренажер және фитнес орталықтары да 15 наурыздан бастап қызмет көрсетеді. 1 сәуірде театр қойылымдарын және спорт жарыстарын тамашалауға рұқсат беріледі. Сонымен қатар премьер-министр Ираклий Гарибашвили 1 наурыздан бастап Армения, Әзербайжан, Ресей, Украина, Қазақстан және Беларусь туристерінің елге кіруіне рұқсат берілетінін мәлімдеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации