11 елмен тұрақты әуе рейстері қысқарды

13 наурыз, 12:23

Фото: kapital.kz

Коронавирус салдарынан Қазақстан 11 елмен тұрақты әуе рейстер санын қысқартты, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен ведомствоаралық комиссиясының шешімімен келесі елдерге орындалатын тұрақты әуе рейстерінің саны қысқартылды: Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия», - делінген жұмада таратылған хабарда.

Ведомствода атап өткендей, Қазақстан Республикасында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар аясында 2020 жылғы 12 наурызда шетелдік әуе компаниялар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. .

«Әуе рейстер санының қысқаруына байланысты шетелдік әуе компанияларға билеттерді толық көлемде қайтару немесе айыппұлсыз қайта брондауды рәсімдеу ұсынылды», - деді ИИДМ-нен.

Хабарда нақтыланғандай, әуе рейстерінің қысқаруына байланысты, ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап тоқтатылған рейстерге билеттері бар жолаушылар билеттерді сатып алу орны бойынша қайтара алады.

«Жолаушылар барлық сұрақтар бойынша әуе компанияларға келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:

"Turkish Airlines": 7 727 3123250, 51, тәулік бойы;

"Белавиа": 7 7172 320241, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін;

"Fly Dubai": 7 800 070 2833, (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;

"Etihad Airways": 7 800 5556248, тәулік бойы;

"Pegasus Airlines": 705 5558444, тәулік бойы;

"Uzbekistan Airways": 7 7172 910459, 60, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін;

"Эйр Астана": 7 7172 584477, 7 727 2444477, 7 702 7024477, тәулік бойы;

"SCAT": 7 7252 998880, тәулік бойы», - делінген хабарда.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 119 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 4,2 мыңнан астам.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирусты пандемия сияқты сипаттауға болады деп мәлімдеді.

13 наурыздан бастап бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды (мерекелік, спорттық, көрермендері бар бұқаралық мәдени шаралар, конференция, семинарлар, көрмелер және т.б.), сонымен қатар сауда-ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылды, мектеп оқушылары көктемгі демалысқа 16 наурыздан 5 сәуір аралығында шығатын болды, сонымен қатар 16 наурыздан бастап студенттер онлайн-режимде оқытылатын болады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің коронавирус салдарынан арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыруға кіріскенін мәлімдеді. Ол шектеулер кезінде азаматтарды азық-түлікпен үздіксіз қамтуды тапсырды. Ал Үкімет Қазақстанның өзін әлеуметтік маңызды азық-түлікпен жарты жылға жететіндей етіп қамтамасыз ете алатынын жеткізді.

Бұған қарамастан, қазақстандықтар супермаркеттерден керектерін жаппай сатып алып жатқан көрінеді. 12 наурыз күні кешкісін сауда және интеграция министрлігі қазақстандықтарды дүрлікпеуге шақырды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации