Кәсіпкерлер: «Еуротранзит» – бәйбішеден, біз тоқалдан тудық па?

01 сәуір, 15:16

Фото: nege.kz

Сейсенбі күні Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас» кеден бекетінде жүздеген кәсіпкер наразылық шарасын өткізді. Nege.kz тілшілері Қорғасқа арнайы барып, жағдаймен танысып қайтты.

Алматы облысы, NEGE. «Алғашқыда «Еуротранзит» бағаны түсіреміз деп келген. Бәрі керісінше болды. Халықтың көз алдында «жүкті 2900 долларға тасимыз» деді. Керісінше, баға шарықтап кетті. 15 мыңнан 28 мың долларға дейін көтерілді. Бәрі қымбаттап кетті. Онсыз да әрең өмір сүріп жатқан халыққа қиын тиді. Осының бәрін жасап отырған – «Еуротранзит», – дейді кәсіпкерлер.

Сол жақта – «Еуротранзит» өкілі

Кәсіпкерлердің наразылық акциясының мәнін төмендегі видеодан түсінесіз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации