13.01.21
Самал Омарова: Мен филиппиндік емес, қазақтың қызымын!
«Былтырғы жылдың ең танымал фотосуреті қайсы?» десе, әрине, карантин шараларын сақтауға шақырған жарнамадағы бетін маскамен тұмшалаған жұмбақ қызды айтуға әбден болады. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылында тұратын Самал Омарованың «жарнамадағы қыз – мен-ау" деген күдігі бар.