#теңге

10.11.20 Рубльдің әлсіздігі Путинның мықтылығы ма? НЕГЕ Ресей төл валютасын тағдыр тәлкегіне ұшыратты?

Соңғы екі аптада рубль қызық мінез таныта бастады. Валюта биржаларында құлдыраған рубльге Ресей орталық банкі де, қаржы министрлігі де назар аудармай қойды. Экономистер оны «көлемді жұмсарту» деп түсіндіреді.

15.07.20 Теңге толқындары. 440 алам деген асу ма еді?

Биыл теңгенің долларға шаққандағы курсы 400-440 коридорында құбылып отыратын болады. Мұндай болжамды PwC Kazakhstan жүргізген екінші тоқсанның макроэкономикалық шолуына пікір білдірген экономистер айтып отыр

13.04.20 Бюджет 2020. Ұлттық қордың соры мен 20 доллардың жыры

Биылғы жылдың бюджеті Ұлттық қорға ауыр соққы болып тимек. Қорда қалған 27 триллионның 4 триллион теңгесін бір жылда жағып жіберейін деп тұрмыз. Дәл осы қарқынмен құрта берсек, Ұлттық қор 5 жылдан кейін сарқылады.

10.04.20 Мәселе Мексикасыз шешілді

Мексиканың қырсығып отырғанына қарамастан, ОПЕК+ өзара келісімге келді. Енді мұнай бағасының көтерілуін күтеміз. 2 күн бұрын мұнай бағасын барреліне 20 доллар көрсеткішімен қабылдаған Қазақстан бюджеті үшін бұл жақсы жаңалық.

10.04.20 Экономикамыз Мексикаға қарап қалды

ОПЕК+ келісімге келді. Бірақ Мексика ғана қырсығып отыр. Осы елдің бірбеткейлігінен мұнай бағасы біз күткендей көтерілмеуі мүмкін

03.04.20 Базалық ставка - 9,5%

Ұлттық Банк өзінің тым артық кеткенін мойындаған сияқты. Сондықтан базалық ставканы қайта түсірді. Естеріңізде болса 10 наурызда Ұлттық Банк мұнай бағасының құлдырауынан шошып, базалық ставканы 9дан 12ге дейін бірақ секірткен болатын

27.03.20 Базалық ставка. Таяқтың екі ұшы

Базалық ставканың 12 пайызды құрауы қазіргі жағдайда қаншалықты дұрыс? Елдегі сарапшылар осы сұрақ төңірегінде бір мәмілеге келе алмай қойды. Биржа мамандары ставканың қазіргі мөлшері көңілге қонады десе, басқа сарапшылар тым жоғары деп отыр

20.03.20 Ұлттық банк валюта айырбастау бекеттерін тәубесіне түсірді

Енді валютаның сатып алу мен сату айырмашылығын 10 тіпті 30 теңгеге дейін асырып жүрген айырбас бекеттерінің бұл әрекетіне тосқауыл қойылатын болды.