#реформа
Deutsche Bank сарапшылары «қашықтықтан жұмыс істеп отырғандар салық төлесе, экономика балансы реттеледі» деген пікірде. Ал біздің сарапшылар ондай теорияның Қазақстанда жұмыс істемейтінін айтады.
Биылдан бастап бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді. Ол бойынша ауыл әкімінің өз бюджеті болады. Бірақ іс жүзінде ештеңе өзгерген жоқ. Неге?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік компаниялар басшылығында әйелдердің үлесін 30%-ке дейін арттыру туралы бастаманы жүзеге асыруды тапсырды. Ол экономикаға қалай әсер етеді?
Тәуелсіздіктен бергі жаңа тарихқа көз салсақ, жыл сайын жаңа бағдарламалардың ашылып, ескілерінің ұмыт қалғанын көреміз. Орындалмай ұмытылып кеткен жобалардың саны жиырмадан асады.
Экономиканы реформалау жөніндегі кеңесте алты жұмыс тобы құрылды. Әрқайсысының өз миссиясы бар. Төртінші жұмыс тобы экономиканы диверсификациялауға жауапты. Олардың қолынан не келеді? Nege.kz сарапшылармен тілдесті
Статистика бойынша комитет Ұлттық бюро болып қайта құрылды да, Ұлттық экономика министрлігінен кетіп, жаңадан ашылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (СЖРА) басқаруына өтті. Одан не өзгереді?
Президент тапсырмасымен құрылған Стратегиялық жоспарлау мен реформалар агенттігіне (СЖРА) Қайрат Келімбетовтың тағайындалуы екіұдай пікір туғызды. Бірінші жағынан оның саяси салмағы бәріне ұнайды. Екінші жағынан реформаторлық қасиеті күмән туғызады
Президент осының алдында өз жолдауының Қазақстанға экономикалық көркею алып келетінін айтып қалған болатын. Жолдау жарияланды. Енді Nege.kz ондағы айтылған ұсыныстардың қайсысы бізге тиімді екенін саралайды