#опек

24.11.20 Құдай мен мұнай. ОПЕК+ шешіміне НЕГЕ тәуелдіміз?

Мұнай баррелінің бағасы 40 доллардан асса ғана ол біздің Ұлттық қорға пайда әкеледі. Сондықтан 1 желтоқсанда өтетін ОПЕК+ кездесуінің шешімі біз үшін аса маңызды болып отыр.

18.11.20 ОПЕК ескі әдетіне басты

Күрделі бірақ маңызды шешімдерді шешетін кезде ОПЕКтің оны кейінге қалдыратын жаман әдеті бар. Кеше қабылдануы тиіс шешім енді 1 желтоқсанға қалып отыр

20.10.20 Мұнай мен мұңлықтар. «2021 жылы мұнай бағасы өседі» деген үміт НЕГЕ ақталмайтын болды?

ОПЕК өз болжамын нашарлатып, «мұнайға деген әлемдегі сұраныс 2021 жылы да оңалмайды» деген ұйғарымға келді. Шикізатқа байланған Қазақстан үшін бұл тым жағымсыз жаңалық.

12.10.20 ОПЕК оптимист? НЕГЕ картель мұнайдың болашағына сенуін тоқтатар емес?

ОПЕК өзінің 60 жылдық мерейтойына орай 2045 жылға арналған әлемдегі мұнайдың тұтыну көлемі бойынша болжамын жариялады. Картель батысқа емес, шығысқа көбірек сеніп отыр

10.04.20 Мәселе Мексикасыз шешілді

Мексиканың қырсығып отырғанына қарамастан, ОПЕК+ өзара келісімге келді. Енді мұнай бағасының көтерілуін күтеміз. 2 күн бұрын мұнай бағасын барреліне 20 доллар көрсеткішімен қабылдаған Қазақстан бюджеті үшін бұл жақсы жаңалық.

10.04.20 Экономикамыз Мексикаға қарап қалды

ОПЕК+ келісімге келді. Бірақ Мексика ғана қырсығып отыр. Осы елдің бірбеткейлігінен мұнай бағасы біз күткендей көтерілмеуі мүмкін

04.03.20 ОПЕК + кездесуіне тарту: Мұнай бағасы қалпына келуде

Мұнай бағасы өңін түзеп, тұрақтала бастады. ОПЕК пен оның жақтастары нарықты коронавирустан қорғауға уәде беріп, оған инвесторлар сенген сыңайлы