#мұнай

16.03.21 «ЕБИТДА-сы» шықты. «ҚазМұнайГаз» НЕГЕ қарызға белшеден батты?

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2020 жылға арналған қаржылық есебі шықты және ҚМГ-нің өзі өткен коронакризисті жылдың өте ауыр болғанын мойындады. Мұнай фьючерстері 0 доллардан төмен түсіп кеткен құбылмалы кезең ұлттық компанияны нокдаунға жіберген болатын.

09.03.21 Қазақстандағы реформаларға кесірін тигізеді. Мұнай бағасының қымбаттауы сарапшыларды НЕГЕ қуанта қоймады?

Кеше мұнайдың Brent маркасы барреліне 75 долларға жетіп, бүгінгі коррекциядан кейін 68 долларға құлдырады. Бірақ қара алтын бағасының өсу тренді байқалады және ол Ұлттық қорға кіріс әкелгенімен, үкіметтің арқасын кеңге салып қоюы мүмкін.

05.03.21 Шикі мұнайдан – химияға. НЕГЕ біз үшін мұнайгаз-химия өндірісі ауадай қажет?

Энергетика министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда 2025 жылға дейін 5 жаңа мұнайгаз-химия зауыты салынады. Егер аталған жоспар іске асса, бұл біз үшін орасан маңызы бар экономикалық құбылыс дер едік.

06.01.21 Арабтар түсіністікпен қарады. НЕГЕ Қазақстанға ОПЕК+ келісімін өз пайдасына шешуге мүмкіндік берілді?

ОПЕК+ отырысы Қазақстан үшін сәтті аяқталып, картель елдерінің ішінен тек біздің ел мен Ресей ғана мұнай өндіру көлемін көбейтуге мүмкіндік алды. НЕГЕ?

18.11.20 ОПЕК ескі әдетіне басты

Күрделі бірақ маңызды шешімдерді шешетін кезде ОПЕКтің оны кейінге қалдыратын жаман әдеті бар. Кеше қабылдануы тиіс шешім енді 1 желтоқсанға қалып отыр

30.10.20 Қаражанбас кен орнындағылар суды тұщытып ішпек

Арнайы тұщыландыру зауыты 2021 жылдың 1 тоқсанында іске қосылатын болды

20.10.20 Мұнай мен мұңлықтар. «2021 жылы мұнай бағасы өседі» деген үміт НЕГЕ ақталмайтын болды?

ОПЕК өз болжамын нашарлатып, «мұнайға деген әлемдегі сұраныс 2021 жылы да оңалмайды» деген ұйғарымға келді. Шикізатқа байланған Қазақстан үшін бұл тым жағымсыз жаңалық.

12.10.20 ОПЕК оптимист? НЕГЕ картель мұнайдың болашағына сенуін тоқтатар емес?

ОПЕК өзінің 60 жылдық мерейтойына орай 2045 жылға арналған әлемдегі мұнайдың тұтыну көлемі бойынша болжамын жариялады. Картель батысқа емес, шығысқа көбірек сеніп отыр