#девальвация

16.03.20 435-440. Теңгенің нағыз нарықтық құны осы ма?

Қазақстан қор биржасының түстен кейінгі сессиясына теңге 435 бағамымен кірмек. Бұл "овершут", яғни Ұлттық Банк араласпағандағы валюта бағамының құлдырауы дейді, сарапшылар. Егер овершут бітсе, онда теңге мұнай бағасымен байланысып, нарықта өзі реттеліп отырмақ. 

11.03.20 Қаржы министрлігі екі күн бойы облигацияларын сата алмай отыр

Қаржы министрлігі кеше Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-300, ал бүгін МЕУКАМ-120 облигациялық шығарылымдарын орналастыра алмады. Министрліктің ұзақ мерзімді құнды қағаздарына жекеменшік инвесторлардың бірде бірі қызықпай отыр

10.03.20 Бір сөзбен айтқанда: Бізді не күтіп тұр?

Кредит пен тамақ қымбаттайды, теңгемен салынған депозит көбірек табыс алып келеді. Осыдан үш жыл бұрынғыдай Ресейден зат тасып кетуіміз мүмкін. Түркия мен Египетті түсімізде көреміз. Экономистердің түсініксіз терминдерін Nege.kz халыққа түсінікті етіп жеткізбек.

10.03.20 Биліктің алғашқы қадамы: Базалық ставка - 12%

Кредиттер қымбаттады. Теңгелік депозиттер анағұрлым пайдалы болады. Базалық мөлшерлеменің 3 пайызға бірден көтерілуі бізге тағы қалай әсер етеді?

04.03.20 Теңгеге терапевт НЕГЕ керек немесе Ұлттық Банктің антивирусы бар ма?

Коронавирус теңгенің іргесін шайқай бастаса, Ұлттық Банк ірі интервенцияға кет әрі емес. Оны жағдаймен таныс Nege.kz дереккөзі растап отыр. Бірақ оның айтуынша, дәл қазір интервенция жасап, резервтегі қаржыны шығындауға әлі ерте 

02.03.20 Үш себеп: Теңге НЕГЕ бір күнде құламайды?

Көктемнің алғашқы күндері - сарапшылардың "теңге құлай ма?" деген біркелкі сарындағы прозаларынан басталды. Коронавирустың лаңы мұнай секторын тізерлетіп, Қытайдағы өндірісті тұралатқаны да отқа май құйып отыр   

28.02.20 Девальвацияның ащы дәмі

Өгізге туған күн, бұзауға да туа ма? Рубльдің бүгінгі Мәскеу биржасындағы құлауынан кейін біраз сарапшылар теңге тұрақтылығына сенімсіздікпен қарай бастады. Жағадан алып отырған басты жау - коронавирус. Вирус мұнай бағасын құлатты, артынан рубльді жалмады. Теңгеге де сыпайы сигнал келгенге ұқсайды. Нәтижесінде бүгін доллар бағамы 380ге бірақ көтерілді.