Жеңіске жеткен команда капитаны Абайдың әнін шырқады
02 наурыз, 13:15
Матч барысында команда капитаны Даррен Диц Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
Алматы. NEGE. «Барыс» клубы ҚХЛ-дың плей-офф кезеңінде жеңіске жеткен болатын. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің инстаграм парақшасында жазып, ерекше алғыс білдірді.
Команда капитаны Дарренді Дәурен деп те атады.
«Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс «Барыс» клубын жаңа жетістіктерге жетелесін», - деп жазды Тоқаев.