USD
USD
USD

Жеңілмеген боксшы Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу басты мақсаты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Жеңілмеген боксшы Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараптар мамырда кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізген, алайда, одан нәтиже шықпады.  «Бізде жұдырықтасуға сан мүмкіндік болды, бірақ не себепті екенін білмеймін, әйтеуір жолымыз түйіспеді. Негізі ол дайын еді деп ойлаймын. Бұл айқасқа қызығушылығым үлкен, мені ең мықтылардың бірі деп есептеу үшін онымен жұдырықтасқым келеді. Жыл соңына дейін немесе келесі жылдың басында Головкинмен жекпе-жек өткіземіз деген үміттемін.

Әлем чемпионы атағына жақын қалдық. Барлық заңды ұйымдардың биігіндеміз. WBC рейтингінде бірінші тұрмын. Біз кез келген чемпионмен айқасуға дайынбыз. Биыл осыған қол жеткіземіз деп үміттенемін. Олай болмаса, күте тұрамыз», – деп береді Мунгияның сөзін DAZN.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны