Жансая Әбдімәлік Стейниц Мемориалында үшінші орынға ие болды

18 мамыр, 16:25

Фото: 24.kz

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 15-17 мамыр аралығында өткен Стейниц Мемориалында үшінші орынға ие болды.
Алматы, NEGE. 18 ұпайдың 11,5-ін жинаған ол 12 ұпайдан жинаған ресейлік Екатерина Лагно мен қытайлық Лэй Тинцзеден кейін орналасты.
Жансаядан кейін ресейлік Александра Костенюк (10,5), қытайлық Тань Чжунъи (10), ирандық Сарасадат Хадемальшарьех (9), болгариялық Антоанета Стефанова (9), француздық Мари Себаг (8,5), неміс Элизабет Петц (4,5) және перулік Дейси Кори Тельо (3) орналасқан.
Ерлер турнирінде жеңісті әлемнің қазіргі чемпионы Магнус Карлсен иеленді, ол ресейлік Даниил Дубов пен Петр Свидлерден басым түскен.
Стейниц Мемориалы шахматтан әлемнің бірінші ресми чемпионы Вильгельм Стейництің құрметіне арналған. Жүлде қоры – 30 мың еуро, турнир форматы: 10 қатысушы екі айналымнан өтеді, уақыт бақылауы – әр партияға бес минуттан, екі секундтан қосылуы мүмкін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации