Жансая Әбдімәлік бірінші кездесуін тең аяқтады

20 ақпан, 12:50

Фото: iXBT.com

Мәскеуде Aeroflot Open халықаралық шахмат турнирі басталды. Қазақстан атынан бұл додаға Ринат Жұмабаев пен Жансая Әбдімәлік Open A категориясы бойынша сайысқа түсуде.

Алматы, NEGE. Гроссмейстер Ринат Жұмабаев 1 раундта өзбек Жавохир Синдаровтан жеңіліп қалды. Халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік қара түсті таспен ойнап, ресейлік Максим Чигаевпен тең түсті.

2-ші турда Жұмабаев ресейлік халықаралық шебер Рудик Макарянмен қарсылас болады. Жансая Әбдімәлік неміс гроссмейстері Расмус Свэнмен кездеседі. Жансая ақ түсті тастармен ойнайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации