Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі қашан?

14 қыркүйек, 20:53

Фото: google.com

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін белгілі болды.

Алматы, NEGE. BoxRec мәліметінше, 27 жастағы қазақ боксшысы 9 қазанда Лас-Вегастағы The Bubble аренасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығатын болады. Қарсыласы әзірге белігісіз.

Ал бұл шоудың басты жекпе-жегінде Эмануэль Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилье (18-0, 5 КО) WBC титулы үшін жұдырықтасады. 

Спорт порталының мәліметінше, Жәнібек былтыр қарашадан бері жекпе-жек өткізбеді, оның да жоспарын пандемия бұзған еді. Жақында боксшы чемпиондық титул үшін жоғары салмаққа өтуге дайын екенін айтқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации