Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

17 қазан, 16:42

Фото: ғаламтордан

  Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. «Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!», - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде. Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр. Еске салайық, Әлімханұлы кейінгі рет 10 қазан Лас-Вегаста жұдырықтасып, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта-ақ нокаутқа түсірген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации