Зарина Дияс WTA турнирінде үздік бола алмады

23 қыркүйек, 20:14

Фото: google.com

Қазақстандық Зарина Дияс Страсбург WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Алматы, NEGE. Әлемнің 76-ракеткасы З.Дияс екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 84-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен шеберлік байқасты.

Мұның алдында US Open турнирінің 2017 жылғы жеңімпазы, америкалық Слоан Стивенсті жарыс жолынан тайдырған жапониялық спортшы бұл жолы да бабында екендігін байқатты. Н.Хибино 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 47 минутқа созылды.

Н.Хибино жартылай финалға шығу үшін әлемнің 8-ракеткасы, Нидерланды өкілі Кики Бертенс немесе рейтингте 43-орындағы латвиялық Елена Остапенконың біреуімен таласады. Жапониялық теннисші жартылай финалға өтсе, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесуі мүмкін.

Ол үшін екеуі де ширек финалдық матчтарын ұтуы тиіс. Е.Рыбакинаның қарсыласы – қытайлық Чжан Шуай.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации