Үшкемпіровтың жүлдесі үшін турнир өтеді

03 наурыз, 09:10

Фото: wrestling.kz

Семейде грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді.

Алматы, NEGE.  Аталған турнир Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған.

6-8 наурыз күндеріне жоспарланған байрақты бәсекеге 2000-2002 жылғы жас балуандар қатысады.

Спортшылар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации