«Толағай ұл» елімізге тағы бір алтын медаль әперді

18 ақпан, 14:13

Фото: Instagram

«Ташкентте өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты», – деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 89 кг салмақта күш сынасқан қазақстандық атлет Нұрғиса Әділетұлы үлкен жеңіске жетіп, қоссайыс нәтижесі бойынша ол 360 (165 + 195) кг салмақ көтерді.

Күміс жүлдегер атанған оңтүстік кореялық Ён Хун біздің толағайға 36 кг жетпей қалып, 324 (142 + 182) кг салмақпен екінші орынмен шектелді. Үшінші орынды 323 (144 + 179) кг көтерген Өзбекстан өкілі Хакимжон Шамшитдинов иеленді.

81 кг салмаққа дейінгі қазақстандық атлет Сәпи Есенгелді аралас есепте 311 кг (134 + 177) көтеріп, қола жүлдеге ие болды. 344 (156 + 188) кг нәтижесі бойынша бірінші орынды Өзбекстан өкілі Сәруарбек Зафарджонов иеленсе, күміс жүлдені 343 (161 + 182) кг нәтижесімен алаң иесі Мұхамадқадыр Тоштемиров жеңіп алды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации