Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі тағы да кейінге қалды

28 ақпан, 09:15

Фото: olympic.kz

Бұл жолы аймақтық лицензиялық жарысты өткізуден Қырғызстан билігі бас тартты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алматы. NEGE. Айта кетелік, Қытайда өтуі тиіс турнир коронавирустың өршуіне байланысты Қырғызстанға ауыстырылған болатын.

Алайда, 27-29 наурыз аралығына жоспарланған құрлықтық доданы өткізуден Бішкек те бас тартып отыр. 

Қырғызстанның жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирустің қаупі жоғарылауына байланысты жарыс кейінге қалды. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін таэквондодан Олимпиадаға іріктеу бәсекесі Қытайдан Иорданияға ауыстырылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, наурызда Оңтүстік Кореяда өтуі тиіс шорт-тректен әлем чемпионаты да белгісіз мерзімге шегеріліп отыр. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации