Теннис: Чарльстон турнирінде Юлия Путинцева Зарина Дияспен кездеседі

06 сәуір, 17:51

Фото: 24.kz

Әлемнің 31-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Осы жарыстың 11-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы кездесуін рейтингте 149-орында тұрған ұлыбританиялық Хэрриет Дартпен өткізді. Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8). Путинцева екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Ю.Путинцева екінші айналымда отандасы Зарина Дияспен шеберлік байқасады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 118-сатыдағы американдық Кэти Макналлимен кездесті. Бірінші сет 4:6 есебімен қарсыласының пайдасына шешілген болатын, дегенмен қазақстандық теннисшінің асқазаны ауырғанына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации