Танымал спорт комментаторы қайтыс болды

03 наурыз, 19:11

Фото: google.com

Ресейлік спорт комментаторы Юрий Розанов 59 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның әріптесі, журналист Михаил Моссаковский естіртті.

Алматы, NEGE. Юрий Розанов телеарналар мен радиода жұмыс істеген. Негізінен футбол және хоккей матчтерін баяндайтын. 2012 жылы «спорт комментаторы/спорттық бағдарлама жүргізушісі» номинациясы бойынша ТЭФИ сыйлығымен марапатталған.

Карьерасын «НТВ-Плюс» телеарнасында бастаған. 2015 жылдан бері «Матч ТВ» асында жұмыс істеді.

Розанов онкологиялық аурумен күрескені белгілі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации