Шымкентте Халықаралық турнир өтпейтін болды

04 наурыз, 15:23

Фото: olympic.kz

Шымкентте үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үшінші халықаралық турнир өтпейтін болды хабарлайды Olympic.kz. 

Алматы, NEGE. Халықаралық сынға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан командалары мен Ресейдің Екатеринбург қаласының клубы қатысады деп күтілген. 

Алайда, 6 наурыз күні басталуы тиіс бәсеке коронавирус қаупіне байланысты кейінге шегерілді. Айта кетелік, әлемнің 77 мемлекетіне таралған коронавирус инфекциясынан соң Қазақстанда халықаралық жарыстар өткізуге тыйым салынды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации