Серік Сәлменов дзюдодан қола жүлдегер атанды

17 ақпан, 09:40

Фото: olympic.kz

Австрияның Оберварт қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Серік Сәлменов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. 100 келіге дейінгі салмақта  белдескен балуан кіші финалда швейцариялық Имала Оттоны жеңді.

Жарыс барысында ол барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Тек жартылай финалда Бразилия өкілі Рафаель Бузакариниге есе жіберді. Айта кетерлігі, Обервартта өткен Еуропа кубогін Қазақстан құрамасы екі қола жүлдемен аяқтады.

Жарыстың бірінші күнінде Қанат Сейілхан (60 кг) қола жүлдені қоржынға салған еді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации