Сергей Харитонов: «Карантин ресейліктерге ішімдік ішіп, рахаттануға мүмкіндік беріп отыр»

31 наурыз, 12:13

Фото: lenta.ru

Ресейлік аралас жекпе-жек балуаны Сергей Харитонов Мәскеуде жарияланған карантин туралы өз пікірін айтты. Мұны «Спорт-Экспресс» жариялады.

Алматы. NEGE. «Сіз жұрттың бәрі үйлеріне тығылып, шараларды сақтап жатыр деп ойлайсыз ба? Қазір жеті күн демалыс берді. Мангалдар мен ішімдіктерге сұраныс күрт артты. Орыс адамы бәрін былай түсінеді: «жұмыс істемейміз, демек демалып, рахаттанып, көңіл көтереміз», – деді Харитонов. Оның өзі салауатты өмір салтын ұстанады екен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации