Роналду кезекті рекордын жаңартты

23 ақпан, 12:00

Фото: eurosport.ru

Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордына қол жеткізді.

Алматы, NEGE. Әлемге әйгілі футболшы Италия чемпионатының 25-ші турында кәсіби мансабындағы мыңыншы ойынын өткізді.

Туриндік «Ювентустың» шабуылшысы айтулы күнде СПАЛ қақпашысынан айласын асырып, командасының жеңісіне үлес қосты.

Оның бұл добы Роналдудың кезекті рекордын тіркеді.

Криштану Серия А-да 11 ойын бойы үздіксіз гол соққан үшінші футболшы атанды. Осыған дейін бұл нәтижені Габриэль Батистута мен Фабио Квальярелла тіркеген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации