Роджер Федерер: бұл – сынақ кезеңі
25 наурыз, 21:07

«Үлкен Дулыға» турнирінің жиырма мәрте жеңімпазы швейцариялық теннисші Роджер Федерер коронавирус індетіне шалдыққан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 1 миллион франк бөлмек.
Алматы, NEGE. Бұл туралы спортшы өзінің инстаграммдағы парақшасында жазды.
«Бұл – адамзат үшін сынақ кезеңі. Сондықтан көмек беруден қашпаған дұрыс. Әйелім Мирка екеуміз Швейцариядағы жағдайы төмен отбасыларға 1 миллион швейцарлық франк бөлгенді дұрыс деп санадық. Бұл тек бастамасы. Біз басқаларға қолдау қол ұшын беруге әрдайым дайынбыз. Біріксек, бұл қиындықты да жеңе аламыз! Аман болыңыздар!», - деп жазды Роджер Федерер.