«Реалға» Криштиану емес, Килиан керек

08 сәуір, 17:59

Фото: eurosport

Мадридтік «Реал» Криштиану Роналдуды сатып алудан бас тартты. AS-тің жазуынша, «Реал» қазір ПСЖ клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеге көптен көз тігіп жүр.

Алматы, NEGE. Корольдік клубтың президенті Флорентино Перес «Криштианудың клубқа сіңірген еңбегін бағалаймын, бірақ оның дәурені өтті» деп есептейді.

Кейбір ақпарат көздері бапкер Зинедин Зидан отандасы Килиан Мбаппені жазғы трансферлік маусымға дейін «қолға түсіруді» көздеп отырғанын хабарлады. Алайда ПСЖ Килианды қалайда жібермеуге бел байлап, «жалақысын екі есеге өсіруге» уәде берген.

Қазір Мбаппе әлемдегі ең қымбат ойыншы саналады. Оның трансферлік құны – 225 млн еуро.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации