Парижде өтетін Халықаралық марафон кейінге қалдырылды

07 шілде, 19:59

Фото: olympic.kz

Парижде өтетін әлемдегі ең ірі марафондардың бірі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Aлматы, NEGE. Аталған марафон әуелі 5 сәуір күні өтеді деп жоспарланған болатын. Одан кейін 18 қазанға ауыстырылған еді. Марафон ұйымдастырушылары енді жарыстың өтетін уақытын 15 қарашаға шегерді.

«Марафонды жоғары дәрежеде әрі қауіпсіз өткізу мақсатында Париж қаласының әкімдігімен ақылдасып, оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдадық. Әлемдегі жағдайды жіті бақылап, қазіргі таңда серіктестік орнатқан денсаулық сақтау ұйымдары мен мемлекеттік қызметтің кеңестеріне жүгініп отырамыз», делінген мәлімдемеде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации