Спорт

28.11.19 Алматыға Хабиб келеді

UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Алматыда өтетін GFC лигасының қорытынды кездесуін тамашалау үшін Қазақстанға келеді. Бұл жөнінде лиганың Instagram-дағы ресми парақшасы мәлімдеп отыр.

28.11.19 Месси Неймарға: Екі жылдан кейін менің орнымды басасың

Аргентина құрамасы мен каталониялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Неймарға «Барселонадан» қашан кететінін айтты. Бұл ақпаратты Eurosport хабарлады.

28.11.19 Сульшер мықтыларын НЕГЕ әкелмеді?

«Манчестер Юнайтед» командасының бас жаттықтырушысы Оле Гуннар Сульшер сақа ойыншыларын Астанаға неге әкелмегенін түсіндірді.

28.11.19 Ең бай футбол командасы

«Манчестер Сити» мен бірнеше футбол командалары кіретін City Football Group (CFG) компаниясы өзінің 10 пайыздық үлесін 500 миллион АҚШ долларына сату үшін американдық Silver Lake инвестициялық қорымен келісім-шарт жасасты.

27.11.19 Манчестерліктер Астанаға ұшып келді

«Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасы Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді» деп жазады Tengrinews.kz сайты. 28 қарашада «Астана» командасымен кездесетін ағылшын футболшылары 100 адамдық делегациямен келген.

24.11.19 Уайлдер – Ортис: Кім қанша соққы жұмсады?

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер жетінші раундта Луис Ортисті нокаутқа түсірді. Алматы, NEGE. Кубалық боксшы Луис Ортис алты раунд бойы барын салды. Тіпті алтыншы рауында оң қолының жұдырығы Уайлдердің жағына дәл тиіп, уатып жібергендей көрінген. Алайда Ортис үшін сәттілік осымен аяқталды. Ауыр нокаутқа түскеніне қарамастан, қырық жастағы Ортис баспасөз мәслихатына келіп, былай деді: «Бұл – бокс. Екеуіміздің біріміз құлауымыз керек еді. Қатты өкініп тұрмын. Зейнетке шығу туралы әлі ойламаймын. Енді бар ашуымды ауыр салмақтағы басқа боксшыға төгемін». Бүгін түс ауа CompuBox екі боксшы жұмсаған соққыларының статистикасын жариялады. Жеті раундта Уайлдер 184 соққы жасап, оның 37-сін дәл тигізген. Ал Ортистің 179 соққысының 35-і нысанасын тапқан. Джеб бойынша Уайлдер дәлірек қимылдапты. Оның 130 соққысының 77-сі тура тисе, Ортистің көрсеткіші – 102-54. Ауыр соққылар жөнінен Ортис алда тұрғанымен, жалпы есепте Уайлдер бәрібір озық.  

21.11.19 Тайсон неге жылады?

Донецкінің «Шахтер» командасы мен Киевтің «Динамосы» кездесуінде бразилиялық легионер, шахтерлік жартылай қорғаушы Тайсон Барселлос Фреданы төреші ойыннан қуды.

20.11.19 Қоржында үш жолдама

«Қазақстан тас жолдағы веложарыстан 2020 жылғы Токио олимпиадасына үш жолдама ұтып алды», деп хабарлайды «Хабар 24».