Спорт

24.12.19 Хабиб Нұрмұхамедов Алматыға келді

Ертең «Алматы Аренада» Gorilla Fighting Championship 23 турнирі өтеді. Ал бүгін Хабиб Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі. Айтпақшы, Алматыға жол жүрер алдында Хабибтің келіншегі ұл туыпты.    

23.12.19 Головкин наурызға дейін демалады

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен серіктестіктегі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандықтың келесі жекпе-жегі қашан өтетін мәлімдеді. 

23.12.19 МакГрегор шоуы: Билеттің құны қанша?

T-Mobile Arena UFC 246 турнирі билеттерінің түгелге жуығын бірінші күні-ақ сатып жіберген. Билет сатудан 10 миллион доллар түскен.

22.12.19 ТОП-10: Ақшасы көп футболшылар

Футбол сүйер жанкүйер де, тиіп-қашып көретін жұрт та ең қалталы футболшыны Месси не Криштиану деуі әбден мүмкін. Өзіңізге сенімді болмасаңыз Nege.kz тілшілері дайындаған топтамаға көз жүгіртіңіз. 

22.12.19 «Ливерпуль» чемпион болуға лайық па?

Футбол десе ішкен асын жерге қойып, жанкүйер болатын бір қауым ел бар. Осыдан шығар, әлемде аяқ доп бәсекесінің бәсі жоғары. Түрлі команда, топ, ел, құрлық арасында күн сайын жарыстар өтеді. Соның бірі жылсайынғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты.

22.12.19 Головкин реваншқа қалай қарайды?

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс жаңа дивизиондағы сәтті дебютінен кейін қайта күшіне міңген сыңайлы. Әйтеуір ескі жылғы есіне түсіп, "Головкиннен есе қайтарғым келеді" депті.   

21.12.19 «Барселона» жұлдызы қазақша сөйледі

«Аяқсыз туылған қазақстандық Әли Тұрғанбеков Катарда әлемдік футболдың жұлдыздарымен кездесті», – деп жазады Қазинформ сайты. Алматы, NEGE. Әли FIFA өкілі Насер әл-Хатерден Катарда өтетін салтанатты шараға шақырту алған. Осы сапар барысында Әли ФИФА клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында кездескен Ливерпуль мен Монтерей командалары арасындағы ойынды тамашалап, әлемге әйгілі Кафу, Хулио Сезар, Бебето және Хавилармен кездесті. Әли Тұрғанбеков өзінің Instagram парақшасында испандық атақты футболшы Хавидің өзін «Алға, Қазақстан!» деп қазақша қарсы алған видеосын жариялады.

21.12.19 Қазақстандық ауыр атлет «алтын» алды

Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Дохада Катар кубогы үшін өтіп жатқан лицензиялық жарыста алтын медальді жеңіп алды», – деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті. Алматы, NEGE. Дәстүрлі Катар кубогы үшін өтіп жатқан ауыр атлетика турнирінде Қазақстан үшін тұңғыш алтын медальді биылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Игорь Сон алып берді. Ол Дохада өтіп жатқан жарыста 61 келі салмақ дәрежесі бойынша 278 (124+154) келі салмақты көтеріп, қарсыластарынан озық түсті. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, екінші орынды (күміс) 270 келі салмақ көтеріп, түркіменстандық ауыр атлет Сейітжан Мирзаев, үшінші орынды (қола) 270 келіні көтерген италиялық Руи Давиде иеленген.