Оспанов Мирзаевты сабап тастады news video

07 наурыз, 11:27

Кеше Алматыда қазақстандық файтер Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раунда-ақ сілейтіп сабап тастады.

Алматы, NEGE. АСА 105 турнирінің негізгі кездесуі Арман Оспанов пен Расул Мирзаевтың жекпе-жегі болды. Бұл екеуі 2018 жылы 10 қарашада Мәскеуде кездесуі керек болатын. Алайда Арманның жарақат алып қалуына байланысты кездесу кейінге шегерілген.

Бұған дейін Расул Мирзаев жерлесіміз Ержан Естановты үш рет жеңген болатын. Міне, төртіншісінде біздің «Сұңқардан» нокаутпен ұтылды.

Оспановтан бөлек, Қазақстан атынан шыққан Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев және Нұрсұлтан Қасымханов қарсыластарын жеңді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации