Олимпиада алауы Токиоға жеткізілді

21 наурыз, 11:46

Фото: olympic.kz

20 наурыз күні Олимпиада алауы Олимпиада ойындарының эстафетасын бастау үшін Токиоға жеткізілді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алматы, NEGE. «Токио 2020 Go» арнайы ұшағымен Афинадан Мияги префектурасындағы Мацусима авиабазасына жергілікті уақытпен сағат 10-да жетті.

Көне Олимпиядадағы Гера Храмында 12 наурыз күні алауы тұтанып, Афинаның Панафена стадионында Токиоға салтанатты түрде табысталған болатын. «Токио 2020 Go» жерге қона бастағананнан Токио Олимпиадасының ресми өкілдері тағатсыздана Жапония жерінде күтіп алды.

Ұшақ есігі ашылғаннан алауды Тадахиро Намура мен Йошида Саори алып шығып, Жапония Олимпиада комитеті президенті Ясухиро Ямашитоның жетекшелігімен Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің президентіне табыстады.

JASDF симфониялық оркестрінің сүймелдеуімен 1964 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы «Токиодағы Олимпиада шеруін» жанды тауыста орындалды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации