Нұрзат Сабыров жеңіске жетті

22 ақпан, 11:35

Фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров канадалық Римускиде кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жегін өткізді.

Алматы, NEGE. Сабировтың екінші орта салмақтағы «Тайсон» лақап атымен мексикалық Рикардо Флореске қарсы жекпе-жегі сегіз раундқа созылып, бірауыздан Нұрзаттың жеңісімен аяқталды.  26 жастағы қазақстандық боксшы бірінші нөмірмен жұдырықтасып, оның қарсы шабуылдарын сәтті тойтарып отырды. Тартысты доданың нәтижесінде, Нұрзат Сабыров кәсіпқой боксшы мансабындағы он бір жекпе-жектің бәрінде жеңіске қол жеткізді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации