Нокдаун мен нокаут: Қазақстандық боксшы жеңіске жетті

10 сәуір, 16:01

Фото: google.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет (5-0, 3 КО) Алматыда өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Алматы, NEGE. 20 жастағы қазақстандықтың оппоненті өзінен екі жас үлкен украиналық Павел Трипутень (2-7-1) болды.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек 6 раундқа есептелген болатын.

Алайда ол екінші раундта аяқталды. Айдос қарсыласын алдымен нокдаунға, кейіннен нокаутқа жіберді.

Осылайша, А.Медет профи-рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал П.Трипутень сегізінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Айдос әуесқой бокста кадеттер арасында Қазақстан чемпионы болған еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации