Месут Озил сүйінші сұрады

31 наурыз, 11:28

Фото: facebook.com

Лондонның «Арсенал» клубының 31 жастағы жартылай қорғаушысы Месут Озил әке атанды. Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE. «Аллаға шүкір, қызымыз Эда аман-есен дүниеге келді», – деп жазды Месут.

Бұл – футболшының тұңғышы. Ал жұбайының есімі – Амине Гюльше. 

Биылғы маусымда Озил «Арсенал» сапында 23 матчқа қатысып, 1 рет мергендік танытса, 3 рет нәтижелі пас берген. Бұл клубпен келісімшарты 2021 жазына дейін жасалған.

Transfermarkt.de порталының хабарлауынша, оның қазіргі трансферлік құны – € 22 млн.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации