Мейірім Нұрсұлтанов қатысатын АҚШ-тағы бокс кеші өтпейтін болды
17 қаңтар, 08:30

Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов қатысатын АҚШ-тағы бокс кеші өтпейтін болды.
Алматы, NEGE. Golden Boy Promotions 30 қаңтарға жоспарланған бокс кешінің өтпейтінін хабарлады. «Калифорния штатының Атлетика комиссиясы Сергей Ковалевтің WADA допинг-тестінде оң нәтиже көрсеткеніне байланысты бокс кешін өткізбеуді шешті», – делінген Golden Boy Promotions мәлімдемесінде. Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Илья Баландинді (4-3-1, 2 КО) төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.