Мария Шарапова спорттан неге кетті?

27 ақпан, 10:04

Фото: instagram.com

Теннисші Мария Шарапова баскетболшы Коби Брайанттың қайтыс болғаны туралы жаңалықтан кейін карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Eurosport. 

Алматы, NEGE. «Мен Аустаралиядан Лос-Анджелеске қайтып бара жатқан болатынмын. Біз кездесеміз деп келіскенбіз. Ұшақ кездесуге үш күн қалғанда құлады. Коби карьерамдағы ең жақсы кеңесшім болды. 

Кейде істеп жатқан ісімізге қарап, өзімізді өмірден де маңыздырақ адам сезінеміз деп ойлаймын. Бірақ бәріміз де әлсізбіз. Кейде көзімізді ашып, ненің расымен де құнды екенін көрсететін жағдай болады. Сондықтан бұл болашағым туралы ойлануыма әкелген жағдай болды», – деді Шарапова The New York Times-қа берген сұхбатында. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации