Майк Тайсон оралды

28 қараша, 20:21

Фото: google.com

Қазақстандықтар Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы бокс кешін тікелей эфирде көреді.

Алматы, NEGE. 29 қарашада Калифорниядағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park аренасында 54 жастағы Майк Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасындағы жекпе-жек өтеді. Кездесу елорда уақытымен 07:50-де басталады.

Кәсіпқой боксшылардың жұдырықтасу кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Жекпе-жек форматы – 2 минуттан 8 раундты құрайды. Спортшылар рингке шлемсіз және 12 унция қолғаппен шығады. Жеңімпаз үшін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) арнайы белбеуі табысталады. Бұл белдеу Frontline Battle Belt («Майдан шебіндегі шайқас белбеуі») деп аталды.

Айта кетсек бұған дейін Майк Тайсон шаршы алаңға оралатыны туралы сұхбат берген еді.

«Мен салмақтан арыла бастадым. Сосын күйеубалам маған 30-40 миллион доллар үшін жұдырықтасуға ұсыныс болып жатқанын жеткізді. Ол маған бұл адамның Боб Сап екенін айтты. Ақыры, біз онымен жұдырықтасатынымыз туралы келістік. Дайындық пен өзіңді қалпына келтіру – екі түрлі нәрсе. Өзіңді қалпына келтіру – бұл күнделікті киіміңді кигенмен тең. Ал бұрынғы қалпына оралу – өз жаныңның сыртына шығып кеткенмен бірдей. Бұны автоматты түрде жасау мүмкін емес», – деп атап өтті Майк Тайсон.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации