Көркем гимнастикадан әлем кубогінің төртінші кезеңі өтпейді

21 мамыр, 14:39

Фото: ғаламтордан алынды

Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласындағы әлем кубогінің төртінші кезеңі түбегейлі өтпейтін болды. Наурыз айына жоспарланған жарыс бірнеше рет ауыстырылған еді.

Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылар турнирді жарыс кестесінен алып тастады деп жазады Olympic.kz. Айта кетелік, бұған дейін көркем гимнастикадан әлем кубогінің бесінші кубогі де кейінге шегерілген. Ал 21-23 наурызға жоспарланған Киевтегі әлем кубогі кезеңі әлі де жарыс кестесінде тұр. Ұйымдастырушылар турнирді белгісіз уақытқа шегерді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации