Қыздар құрамасы халықаралық жарыста топ жарды

07 наурыз, 16:48

Фото: ғаламтордан

 Күрес түрлерінен қыздар құрамасы халықаралық жарыста топ жарды.

Алматы, NEGE. 2 алтын, 2 күміс және 2 қола. Күрес түрлері бойынша Италиядағы халықаралық жарыс қазақстандық бұрымдылар үшін сәтті өтті. Қыздарымыз жалпы есепте бірінші орын алды. Атап айтқанда, орта салмақтағы Гаухар Мұқатай мен Жәмиля Бақбергенова қарсыласқа шақ келтірмеді. Күміс медаль Айша Уалишан мен Диана Каюмоваға бұйырды. Ал Эмма Тисина мен Эльмира Сыздықова үздік үштікке кірді. Айта кетейік, енді Токиодағы байрақты бәсеке 23 шілдеде басталады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации