Қазақстандық қақпашы 4-рет көш бастады

27 наурыз, 11:31

Фото: facebook.com

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Игита (толық аты-жөні Леонардо де Мело Виейра Лейте) әлемнің үздік қақпашысы атанды. 

Алматы, NEGE. «Futsal Planet Awards» тұрақты түрде әлемдік футзалдағы үздіктерді анықтайды.

Биыл бұл шараға барлығы 244 респондент қатысты. Қазақстандық қақпашы 693 балл жинады. Ол испандық «Барселона» қақпашысы Хуана Хосе Ангосто Эрнандес «Хуанхо» мен Португалияның «Спортинг» клубының бразилиялық қақпашысы Тиаго Мендеса Рочуды артта қалдырды.

Естеріңізге салайық, қазақстандық футзалшы бұл атаққа төртінше мәрте қол жеткізіп отыр.

Ол бұған дейін 2015, 2016 және 2018 жылдары сондай сенімге ие болды.

Ал футзалдан Қазақстан құрамасы мен Алматының «Қайрат» командасының бас бапкері Кака (Пауло Рикардо Фигуэра Силва) әріптестері арасында үздік үштікке ілікті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации