Қазақстандық боксшылар Флойд Мэйуэзердің бокс залында жаттығады

22 ақпан, 21:00

Фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшылар Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО), Али Балоев (9-0, 7 КО) және Ескендір Харсан (7-1, 6 КО) жаттығуларының келесі кезеңін Лас-Вегас қаласындағы әйгілі Флойд Мэйуэзердің залында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылармен бірге олардың бапкері Сағатбек Мұсаханов шетелге кетті, ол МТК Қазақстан баспасөз қызметіне берген сұхбатында: «Біз жалпы физикалық, тактикалық және техникалық дайындықты отанымызда, Алматыда өттік. Енді біз спарринг жұмыстарының кезеңі қалды. Біз Америка Құрама Штаттарына, Лас-Вегас қаласына ұшамыз және Флойд Мэйуэзердің залында 15 наурызға дейін жаттығамыз», - деп атап өтті.

Айта кетейік, аталған боксшылардың барлығы соңғы жекпе-жектерін Қазақстанда өткізген еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации