Қазақ палуаны алтын алды

19 ақпан, 16:45

Фото: Instagram

Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық палуан алғашқы алтынын жеңіп алды.

77 кг салмақта белдескен Темірлан Шадукаев құрлық додасында топ жарды. Финалда Темірлан ирандық Педжман Поштамды 10:1 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді. Бұл қазақстандық палуанның ересектер арасындағы бірінші алтын медалі. Бұған дейін ол жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген.

Сонымен қатар, Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы да үш қола жүлдемен толықты. Өз салмағында Хорла Жақанша (55 кг дейін), Азамат Күстібаев (87 кг) пен Мансұр Шадукаев (130 кг) үшінші орын иеленді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации