«Канело» спорттық мансабын Головкиннен бұрын аяқтай ма?

17 мамыр, 13:10

Фото: inform.kz

 Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо мексикалық боксшының карьерасын аяқтауын жоспарлап отырғандығын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE.  «Егер «Канело» қазіргідей қалыпта жұмыс істер болса, онда ешқандай мәселе туындамайды. Менің ойымша, оған бокста өнер көрсетуіне әлі 5-7 жылдай бар», деп есептейді Рейносо. Осылай жалғаса берсе, «Канело» 34-36 жасында мансабын аяқтайды. Егер салыстырар болсақ, Альварестің қарсыласы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тіпті 38 жасында жұдырықтасып жүр және әзірге спорттан кетуді жоспарлап жүрген жоқ Бұдан басқа Головкин «Канеломен» үшінші айқасты күтуде. Олардың талас тудырған алғашқы жекпе-жегі төрешілердің басым даусымен «Канелоның» жеңісімен аяқталған болатын. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации