«Канело» ақыры Головкинмен кездесетін болды

18 наурыз, 10:29

Фото: instagram.com

The Athletic басылымы Мексикалық боксшы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен қыркүйек айында өтетін үшінші жекпе-жегін қалай жоспарлап отырғанын баяндап берді.

Алматы, NEGE. «Канело» маусым айында Сондерспен жекпе-жек өткізуге әлі де ниетті. Бірақ ол коронавирус кесірінен өтпей қалса, Головкинмен үшінші жекпе-жекке бірден өтуге әзір екенін білдірді», – деп жазады The Athletic.

Еске сала кетсек, бастапқыда Альварестің британдық Билли Джо Сондерспен жекпе-жегі 2 мамырға жоспарланған еді, алайда коронавирус пандемиясы салдарынан оны кейінге қалдыруға тура келген.

Головкинмен айқасуға келетін болсақ, букмекерлердің белгілеген бағасы мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.53, Головкиннің жеңісі – 2.40, тең түсу – 19.

Үшінші жекпе-жек 12 қыркүйек күні Арлингтондағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T Stadium аренасында өтеді деп күтілуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации