Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

21 ақпан, 13:23

Фото: ғаламтордан

Қанат Ислан эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірді.

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) қарсыласы эквадорлық Джейсон Минданы (14-3-1, 8 КО) 7 раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Сонымен КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген жекпе-жек 10 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда айқас барысында Қанат Исламнан екі рет нокдауын алған Джейсон Минда 7 раундта нокаутқа түсіп қалды .

Жеңістен кейін сұхбат берген Қазақстан боксшысы мексикалық Сауль Альваресті (54-1-2, 36 КО) жекпе-жекке шақырды. «Канело», vamos! Сен мені көріп отырсың, бақыттысың, мені жақсы көресің! Кел, жекпе-жекке шығайық», - деді Қанат Ислам.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын. Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшының жекпе-жекке шықпайтыны анықталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации